Қыз сыны
« Өнерлі ару – 2016» қыз сыны байқауының сценарийі
Өтетін орны : Мектеп АКТ залы
Мерзімі : 29.04.2016 ж. сағат : 16.00
Жүргізушілер :
Сахна тақырыпқа сай безендіріліп, дыбыс күшейткіш аппаратура орнатылады. Сайыс басталғанша қазақы күй ойнап тұру қажет. Фанфар берілгенде жүргізушілер шығады.
Мақсаты : ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, қыздар арасында дара есімдерді анықтау. Қыздарымызды инабаттылыққа , ізеттілікке, парасаттылыққа , мәдениеттілікке дәріптеу.
1-жүргізуші :
Ассалаумағалейкум, құрметті өнер сүйер қауым !
2-жүргізуші :
Қайырлы күн құрметті халайық !
Сіздерге көптен күткен «Өнерлі ару -2016» байқауын тарту етпекпіз.
1-жүргізуші :
Бүгінгі , ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «Өнерлі ару-2016» қыз сыны байқауына қош келдіңіздер
2-жүргізуші :
Тәуелсіздік- арманым ең аңсаған,
Бабаларым жетеміз деп шаршаған.
Бүгін міне бар елге танылдық,
Қазақ елі, үміт артам мен саған.
1-жүргізуші :
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
2-жүргізуші :
Қыз деген сөздің өзі -әдемілікті, әдептілік пен жан – жақты сұлулықтың символы. Қазақта қыз бала адамзат үшін ешқандай теңдесі жоқ бақыт, көз қуаныш. Халқымыз қыз баланы оң босағадан орын беріп ардақтап ұстап, мәпелеп тәрбиелеген.
1-жүргізуші :
Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі деген мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен, өнер білімге бейім тұратын сергектілігімен шыққан сөз . Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсірді.
2-жүргізуші :
Бүгінгі байқауымыздың мақсаты да қыздар арасында дара есімдерді анықтап, қыздарымызды инабаттылыққа, ізеттілікке, парасаттылыққа, мәдениеттілікке дәріптеу.
1-жүргізуші :
Халық арасында қыздар арқылы сұлулық пен әсемдікті әспеттеу және туған жерге сүйіспеншілігін , құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
2-жүргізуші :
Шалқып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз қыздарымызға тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділ қазы алқасымен танысайық.
1. Ғ.О.Қонысбекова-ДТІЖО, әділқазылар алқасының төрайымы ;
2.Ұ.Н.Қалымбетова –технология пәнінің мұғалімі, әділқазылар алқасының мүшесі;
3.Б.О.Алдабекова-орыс тілі пәнінің мұғалімі, қыздар кеңесінің төрайымы, әділқазылар алқасының мүшесі;
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі.
1-жүргізуші :
1 шарты : «Тегін білу, тектілік» (өзін –өзі таныстыру, сәлемдесу)
2 шарты: «Көркемсөз оқу шеберлері» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Тәуелсіздік жайлы өлең шұмақтарынан көркемсөз оқу шеберліктері бойынша сынға түседі.
3 шарты : «Зерделінің ойы озық» сұрақ-жауап сайысы
4 шарты : «Өнерлінің өрісі кең» (Өнер сайысы ән, би, кhouse, өлең оқу т.б)
5
шарты :«Шебер қолдар» көктемгі салат түрлерін жасау
6 шарты : «Қыздарға әсемдік жарасады» сән киім үлгісін көрсету (үй
жұмысы)
2 – жүргізуші :
Мың бұралған арулар толқып тасып,
Келеді міне ортаға шалқып басып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
1 –жүргізуші :
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке,
Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде.
Қол созып қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке, - дей отырып сахнаға аруларды шақырамыз.
2 – жүргізуші :
1) Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Аманкул қыз ұстазының айнасы ғой,
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
1-ші нөмірлі аруымыз 10 «Ә» сынып оқушысы
Аманкулова Амангулді қарсы алайық!
1 –жүргізуші :
2)Атыңнан айналайын Жаңыл деген,
Сенің ісіңе жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
2-ші нөмірлі аруымыз 10 «А» сынып оқушысы
Ағысбай Жаңылды қарсы алайық!
2 – жүргізуші :
3) Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Сынға түсуге кеп қапты
жүрек жұтқан Шахноза қыз.
3-ші нөмірлі аруымыз 10 «Б» сынып оқушысы
Махмудова Шахнозаны қарсы алайық!
1 –жүргізуші :
4) Алайық қарсы Хуршиданы
Үлгілі қыз бұл ибалы
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көкпар сыйлары.
4-ші нөмірлі аруымыз 9 «А» сынып оқушысы
Кучарова Хуршида
2 – жүргізуші :
5) Өзі әдемі, сыпайы
Ханшайымнан ауMayды .
Қарсы алайық
жайдарлы жүзді Гаухарды
5-ші нөмірлі аруымыз 9 «Ә» сынып оқушысы Момыш Гаухар
1 –жүргізуші :
6) Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, сұлу қыз Динарадай
Ер жүрек қыз табылмас.
6-шы нөмірлі аруымыз 8 «Ә» сынып оқушысы
Саттарова Динараны қарсы алайық!
2 –жүргізуші :
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
1 – жүргізуші :
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен жеті ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін–келесі кезекті
«Тегін білу, тектілік» өзін – өзі таныстыру сайысына берсек.
(Аруларымыз кезек-кезек өздерін таныстырады)
(Әділқазылар бағаларын береді)
2-жүргізуші :
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты
2-жүргізуші :
Мен жаспын деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап тұрар бойында
2-шартымыз «Көркемсөз оқу шеберлері» . Аруларымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына арналған Тәуелсіздік жайлы өлең шұмақтарынан көркемсөз оқу
шеберліктері бойынша сынға түседі.(Әділқазылар
бағаларын береді)
1-жүргізуші :
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
2-жүргізуші :
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Ал арулар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!!
– дей отырып, келесі кезекте 3- шартымыз «Зерделінің ойы озық» сұрақ- жауап кезеңіне кезек берейік. Аруларымыз кезекпен шығып, қима қағазға жазылған 3 сұраққа жауап береді.
(Әділқазылар бағаларын береді)
1- жүргізуші
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай – жан салыпты.
2-жүргізуші :
Ән қандай, ән болмысты қыздар қандай, -
Тоң жібіп, әуенінен мұз жайғандай, - деп келесі «Өнерлінің өрісі кең» шартын бастаймыз.
Қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өнер сайысына түсіп, өз өнерлерін көрсетеді.
(Әділқазылар бағаларын береді)
1-жүргізуші :
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада Mayысып дей келе 5-шарт «Шебер қолдар» көктемгі салат мәзірін жасауда аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп ортада
__________________ орындауында
«Ән шашу»
(Әділқазылар бағаларын береді)
2-жүргізуші:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың
2-жүргізуші :
Ал халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
–дей келе ең соңғы сайысымыз «Қыздарға
әсемдік жарасады» (houseжұмысы) сән киім үлгісін көрсету
бөліміне берсек.
(Аруларды кезек-кезек ортаға шақырымыз, сән үлгісін көрсетеді және таныстырады)
(Әділқазы бағаларын береді).
Бүгінгі «Өнерлі ару-2016» байқауының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар
алқасына сөз берейік!
1-жүргізуші :
Бойларыңда от бар екен, байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
2- жүргізуші :
Достарым, түсініңдер сөздің парқын
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
Осымен «Өнерлі ару-2016» байқауын аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар !